Тоқтар мен Бейбіт төртінші сәбиін қырқынан шығарды (фото, видео)

Источник: nur.kz

Осыдан біраз уақыт бұрын төртінші рет ұлды болған Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева кішкентайын қырқынан шығарды деп жазады NUR.KZ.

Жұлдызды жұп Шаһнұрдың (ред: әншілердің төртінші ұлы) қырқынан шығаруға арналған арнайы астауы мен қасығын, сәбидің есімі жазылған тортты көпшілікке көрсеткен.

"Бәріңізге Алла разы болсын! Көп рахмет!", — деп жазды Тоқтар мен Бейбіт Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары отандық әншілердің отбасына өз тілектестіктерін білдірді.

"Бауы берік болсын", "Сіздерді Алла қолдасын", "Керемет дайындалыпсыздар", "Елінің азаматы болсын", "Сіздердің көз қуаныштарыңыз болып өсе берсін" деп желідегілер жарыса тілек білдірді.

Айта кетейік, Бейбіт Сейдуәлиева төртінші сәбиін күйеуінің туған күнінде босанған болатын.

Сондай-ақ қос әнші ұлдарына Шаһнұр деп есім берді.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар мен Бейбіттің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий