Танымал визажист Ерке Есмаханның мінезінің қиын екенін жайып салды

Источник: nur.kz

Осыған дейін елімізге белгілі визажист Санди Бексырға Ерке Есмаханмен жұмыс істеудің өте қиын екенін айтқан еді. Енді халық еркесінің қыңыр мінезі туралы тағы бір бет әрлеуші тіл қатты. Бұл туралы Назерке Қазиева "Астана" телеарнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Визажист Назерке Қазиеваның айтуынша, әнші қыздар бет күтімін жақсы жасайды. Алайда сахнада жүрген ерке жұлдыздардың мінездеріне төзіп, бер әрлеу жұмыстарын істеу қиын екен.

Бет әрлеуші солардың қатарында Ерке Есмаханмен жұмыс істегісі келмей қалғанын айтқан.

"Әншілердің мінезі әр түрлі. Оның бәріне көне білу керек. Осы түсірілімде Ерке Есмаханмен жұмыс істегім келмей қалды. Бірақ, басқа әншілермен жұмыс істегім келеді", -деді Назерке Қазиева.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий