Танымал нумеролог: Төреғали Төреәлі не істеп жатқанын өзі білмей қалады

Источник: nur.kz

Елімізге танымал нумеролог Клара Күзденбаева Төреғали Төреәлінің басы неліктен дауға қала беретінін түсіндірді. Бұл туралы ол Еуразия бірінші арнасына айтып берді.

Күзденбаеваның сөзінше, сахна серісін ақыл емес, эмоция билейді.Сол себепті, ол үнемі не істеп, не қойғанын білмей жатады.

"Ол адамды ақыл емес, эмоция билейді. Өзінің айтқан сөзінен таймайтын жан. Оның жұлдызында нақты белгі жоқ болғаннан кейін ол не істеп жатқанын өзі де білмей қалады. Себебі, ол эмоцияға беріледі. Алайда ол не істесе де, оған барлығы кешіріммен қарайды. Өйткені, бұл азамат нағыз халықтың еркесі. Онда екі жеті бар екен. Ал екі жеті тек президенттерде ғана кездеседі",- деді Клара Күзденбаева.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий