Сиви Махмуди өзін кездесуге шақыратын байдың балалары туралы ашық айтты

Источник: nur.kz

Әнші Сиви Махмуди бойдақ кезінде өзін кездесуге шақырған байдың балалары туралы ашық айтып берді деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сиви Махмуди өзімен кездескен жігіттердің сараңдығына көңілі толмаған.

"Шетелді көріп қалған байдың баласы үнемі мені кездесуге шақыратын. Алайда екеуміз ауқаттана қалсақ, өзінің ғана шотын төлейді. Сол кезде қатты таңғалатынмын", — дейді Сиви Махмуди.

Сондай-ақ әнші өзіне қырындайтын ауқатты жігіттердің әдепсіз қылықтарын да жасырмады.

"Сен бұрында стақан едің. Енді рюмка" болыпсың немесе "Бассейнге барып, сенің фигураңды көру керек еді" деген әңгімелер мені қашыртатын. Жолдасым шүкір, бақуатты болмаса да, өзіне жетерлік байлығы бар. Барлығына өз қолымен жеткен", — деді Сиви Махмуди.

Айта кетейік, Сиви Махмудидің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий