Санди Бексырға Ерке Есмаханмен жұмыс істеудің қаншалықты қиын екенін айтты

Источник: nur.kz

Танымал бет әрлеуші Санди Бексырға қай отандық жұлдызбен жұмыс істеу қиынға соғатынын айтты. Сандидің сөзінше, өзі үшін Ерке Есмаханмен жұмыс істеу ауыр болған деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Санди Бексырға өзінің жұмысын жақтыртпайтын жұлдыздар қатарында Ерке Есмаханның көш бастайтынын жасырмады.

"Толығымен сенгенше, айнаға қарай береді. Қасын тексеріп, қай жері дұрыс емес, қай тұсы ұнамайтынын айтады. Алайда, мен оған мүлде ренжімеймін. Себебі, ондай адамдардан мен көп нәрсе үйренемін. Иә, расымен Ерке Есмахан ең қиын клиентім", — деді бет әрлеуші.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмаханның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңщдай аласыздар.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий