Жолдыбаеваны келеке еткен отандық актер елді күлкіге қарық қылды (фото)

Источник: nur.kz

Отандық эстрада жұлдызы Кәмшат Жолдыбаеваға "ұқсаймын" деп, ваннада суретке түскен Қайрат Әділгерей жұртты күлкіге қарық қылды. Танымал актер атышулы әншінің қылығын қайталаған суретін өзінің Instagram парақшасында жариялады деп жазады NUR.KZ.

Халықты жаңа жылмен құттықтаған актер ваннада жатып суретке түскен Жолдыбаеваға да "тиісе" кетіпті.

"Жаңа жылдарыңызбен. Кәмшат, шамамен осылай ма?",- деп жазған ол.

Бұл жазбаны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген.

Олардың бірі актердің әрекетін әзілге балап, күлкіге қарық болса, екіншілері әзілкештің бұл ісін ұнатпағандарын алға тартты.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий