Жігер Ауыпбаев Байзақовамен түскен суретін сынаған көпшілікке жауап қайтарды (фото)

Источник: nur.kz

Осыдан біраз уақыт бұрын Айжан Байзақовамен суретке түсіп, желіні шулатқан Жігер Ауыпбаев көпшіліктің сынына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Әншінің айтуынша, ол Байзақовамен түскен суретін ғаламторға хайп үшін жүктемеген.

"Менің парақшамсыз-ақ ол кісі туралы еңбектеген баладан, еңкейген шалға дейін білетін шығар. Ол суретке біз телевизиялық ток-шоудан кейін түстік. Қазақтың бір қызы ғой. Менсіз де ит терісін қаптап жүрген аз емес. Біреуге "сен жамансың" деп айта берсек оның еті үйреніп, жамандыққа бейім болады. Меніңше, Айжан да сондай көптің теріс пікіріне ерегесіп жасайтын сияқты. Алайда, жуырда ана болды. Ертең 62 тамыры иіліп, баласын мейірлене емізіп отырғанда иманы мен ұяты оянып, етек-жеңіп жауып, жақсылыққа бет бұрмасына кім кепіл?! Қандай жаман адам болса да, жақсы жағын көруге тырысамын", — деп ағынан жарылды әнші.

Сонымен қатар әнші хайптан қаша қоймайтынын да мойындады.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын халық та, көрермен де "қара пиар", "хайп" дегенді түсінбейтін. Қазір етіміз үйренді. Мысалы, шетелде миллиондаған ақша бөліп, осы қара пиарларды ұйымдастырып, елді шулатады. Бізде де қазір бұл бағыт дамып келеді. "Мен хайпқа қарсымын" деген адамдардың өздері сол хайп жасап жүр ғой", — деді Жігер Ауыпбаев.

Айта кетейік, қараша айының соңында әнші Айжан Байзақовамен бірге түскен суретін желіге жүктеп, көпшіліктің сынына ұшыраған еді.

Сондай-ақ әнші өзіне қымбат көлік сыйлаған Орталық Қазақстандағы белгісіз азаматтар жайлы айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Жігер Ауыпбаевтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий