«Жалған жоба»: Атышулы «Қалаулымның» бар өтірігі ашылды

Источник: nur.kz

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының масқарасы шықты. Тікелей эфир кезінде шынайы деп айтылып келген жобаның бар өтірігі ашылған деп жазады NUR.KZ.

Ел арасында қызу талқыланып жатқан "Қалаулымның" әшкере болғаны жайында өзінің парақшасында танымал әзілкеш бөліскен. Ол Instagram желісі арқылы атышулы бағдарламаның өтірік жоба екенін жайып салды. Әзілкеш тіпті, "Қалаулымның" шынайы еместігін дәлелдейтін видео жүктеген.

"Ашаның құлағындағы ушканың даусын басып қойса қайтедi. Ар жағындағы сценаристтiң даусы головной микрофонға естiлiп тұр ғой. Сонда, Аша өз ойынан ештеңе айта алмайтын боп тұр ма? Әлде, сол жерде болып жатқан ситуацияны сипаттап бере алмай ма өз сөзiмен?" , — деп жазды ол.

Бұл жазба бірден желі қолданушылар арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлерге ие болды.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий