Гүлзира Айдарбекова 30 жыл бұрын анасы жазған хатты көрсетті (фото)

Источник: nur.kz

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова 30 жыл бұрын анасының жазған хатын жариялады. Ол өзі тұрмысқа шыққанда уайымдап, ойын қағаз бетіне түсірген анасы үшін жылап қалғанын да айтты. Продюсер мұрағатта сақтаған естелігімен Instagram парақшасында бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Біраз уақыт бұрынғы жазылған хат продюсердің ғана емес, барлық оқырманның да жүрегін елжіреткен.

"Гүлзира қызым, пойызға шығайын деп тұрғанда қоштасарда қара көзіңе жас келіп, маған мұңдана қарадың, үстелде жазу жазып отырып, тіземе басыңды қойып, біртүрлі жыладың. Осы екеуі менің жүрегімді тіліп өткен сияқты. Қызым еш жылама, сенің өмірің жаман емес, өзіңнің ұнатқан жігітіңе бардың, барған жерің жаман емес, өсіп-өнген жандар", — деп жазылған хатта.

Ал Гүлзира Айдарбекова анасының теңдесі жоқ ана жүрегінің осы екенін айтып, көзіне жас алған.

"Жаным анашымның, мен тұрмысқа шыққаннан кейінгі уайымдап жазған xаты ғой, 30 жыл бұрынғы. Анашым қазір 91 жаста. Ескіше әріптермен жазылған. Ол кезде ұялы телефон жоқ, 6-7 күн дегенде ғана жететін xаттар жөнелтілгеннен кейін. Қазір тауып алып, көзіме жас келіп отырғаны. Анашым 100 жасашы! Теңдесі жоқ, ана жүрегі деп осыны айтыңыз", — деген продюсер жазбасында.

Бұл хатты көрген желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың анасына ұзақ ғұмыр тіледі.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий