Анар Батырханға ақтаулық жігіт тікелей эфирде ұсыныс жасады (видео)

Источник: nur.kz

Отандық актриса Анар Батырханға тікелей эфирде жас жігіт ұсыныс білдірді. Өзінің бұрыннан актрисаға ғашық екенін айтқан азамат Ақтаудан арнайы ұшып келген деп жазады NUR.KZ.

"Қазақстан" арнасындағы "Шаңырақ" бағдарламасына қонаққа келген актриса мұндай тосын сыйды күтпеген.

Ал жас жігіт эфирге бір тал гүлімен кіріп келіп, жүрегіндегі сезімін жайып салған.

"Анар мен сізді бұрыннан танимын. Бүгін сіздің эфирге қатысатыныңызды біліп, Ақтаудан арнайы ұшып келдім. Сіздің анаңызды, ұстазыңыздың, әріптестеріңіздің алдында қолыңызды сұрауға келдім. Маған тұрмысқа шығуға келісесіз бе?", — деп жас жігіттей тізерлей отырып, сезімін білдірген.

Алайда Анар Батырхан жігітті дереу орнынан тұрғызған.

Айта кетейік, аталмыш бағдарламаны Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова жүргізеді.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий