Алтынай Жорабаеваның бұрынғы күйеуі басшылық қызметінен кетті

Источник: nur.kz

Сәбит Әбдіхалықов Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директор қызметінен кетті. Актер бұл лауазымды 2015 жылдан бері атқарып келеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы аталмыш театрдың Instagram парақшасында хабарланды. Сәбит Әбдіхалықов Мүсірепов театрының директоры болып төрт жыл қызмет еткен.

Танымал актер енді Алматы қаласындағы Әуезов театрының басшылығына тағайындалған. Оған дейін, бұл қызметте жақында ғана Жүргенов өнер академиясының ректоры атанған Асхат Маемиров болған.

Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықов қызметтік жолын "Бауыржан шоу" әзіл-сықақ театрынан бастаған болатын. 2017 жылы актер "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий