Айсәуле Бақытбек 16 жастан жасанды түсік жасатуға қарсы шықты

Источник: nur.kz

Айсәуле Бақытбек ел арасында қызу талқыға түскен жасанды түсік жасату заңына қатысты пікір білдіріп, жыныстық қатынас жайлы пән енгізуді қолдайтынын жасырмай айтты. Алайда, танымал продюсер қызының мәлімдемесі көпшілік көңілінен шықпаған деп жазады NUR.KZ.

"Жаңа заң жайлы не ойлайсыз? Меніңше, 16 жастан бастап ата-ана рұқсатынсыз түсік жасату құқығын беру дұрыс емес. Себебі, бұл жаста бала маңызды шешім қабылдай алмайды. Мен жас кезінде түсік жасатқан қыздарды танимын. Олардың бәрі де әлі күнге дейін қателік жібергенін айтуда.Мұндай жағдайларды болдырмас үшін мәселенің түп-тамырынан бастаған жөн. Сол себепті, мектептерде жыныстық қатынас жайлы білім беруді қайта қозғағым келіп отыр. Бұл шынымен де қоғамға қажет пән. 15-16 жастағы жеткіншектер ерте басталған жыныстық өмірдің неге әкеп соғарын білгені маңызды. Мен тек жүкті болуды ғана емес, түрлі ауруларды да айтып отырмын.Біздің халыққа үндеместің күйін кешуді қою керек. Баладан "жаман, ұят" дегенді жасырып жетер. Секс сөзі — ұят емес. Ерте ме, кеш пе перзентіңіз жыныстық өмір бастайтыны сөзсіз. Ал оны ақылмен бастауы сіздің қолыңызда. Соған орай, ата-аналарға айтарым: балаңызбен барлық тақырыптарда сөйлесіңіз" , — деп жазған Айсәуле Бақытбек.

Бойжеткеннің азулы жазбасы желі оқырмандарын екі топқа бөлді. Бірі оның айтқанына қосылып жатса, кейбірі түбегейлі қарсы шығып жатты.

"Өзі үлкен адам құсап ата-аналарға ақыл беріп қояды. Өзің кішкентайсың әлі", "Ұялмайсың ба, қалмағаны осы еді", "Кім айтты жыныстық қатынас туралы сабақтар жүрмейді деп? Жарты жылда бір рет мамандар оқушыларға семинар жүргізіп тұрады", "Өз басым заңды қолдаймын. 16 жаста адам өзі шешім қабылдағаны дұрыс", "Онсыз да оқушылардың оқуы қиындап кетті. Енді қалмағаны баламмен жыныстық пәнді орындау" , — деп жазуда көпшілік.

ссылка на гидра онион

hydra2w3b.com

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий