Қайрат Нұртасты бес сағат бойы сарыла күткен өскемендіктер аязда тоңып қалды (видео)

Источник: nur.kz

Қайрат Нұртас Өскемендегі концертіне бес сағатқа кешігіп келген. Әншіні осынша уақыт тапжылмай күткен көпшілік хитменнің орнына өнер көрсеткен әншілерге наразылық танытқан деп хабарлайды altaynews.kz.

Көпшілік алаңға 17:00-де жиналып алған. Бірақ ұйымдастырушылар концерттің 19:00-де бастайтынын айтқан.

Алайда Қайрат Нұртас Өскемендегі кешін тек 22:00-де бір-ақ бастаған.

Әнші өзінің кешігіп келу себебін ұшақ рейсінің ауа райына байланысты кешіктірілгенін айтып, кешірім сұраған.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий